12 Желт 2020
Страницы КГУ "ОСШ имени Т.Токтарова"

Қамқоршылық кеңес

Атауы Жүктеу
1 Хаттама 4 PDF
1 Хаттама 5 PDF


Аты Жүктеу
1 Аз қамтылған отбасы тізімі PDF
2 Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құрамыі PDF
3 Қамқоршылық кеңес хаттамасы PDF
4 Қамқоршылық кеңес хаттамасы PDF
5 Қамқоршылық кеңес №2 отырысының хаттамасы PDF
6 Жұмыс жоспары PDF
7 Қамқоршылық кеңесі PDF
8 Қамқоршылық хаттама PDF
9 Қамқоршылық хаттама PDF

Хаттама №1

        «Т.Тоқтаров атындағы негізгі орта мектебі»  КММ      

10 қыркүйек  2021 жылы қамқоршылық  кеңесінің жиналысы болып өтті.

                                                                                 Қатысқаны: 12

                                                                                 Қатыспағаны:  жоқ

 

Күн тәртібінде:

1.Мектеп директорының есебін тыңдау.

2.Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құрамын өзгерту.

Тыңдалды: 

Күн тәртібіндегі бірінші  мәселе бойынша «Т.Тоқтаров атындағы негізгі орта мектебі» КММ-сінің директоры А.Шагыраева сөз алды.  2019-2020  оқу жылындағы  атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін  берді.  Көп балалы  және аз қамтылған  отбасылардың  балаларына берілген көмек түрлері , оқу формасымен және аяқ киіммен  қамтылуы туралы айтылды.

 Екінші мәселе бойынша  Қамқоршылық кеңесінің құру нұсқаулығымен таныстыра отырып, құрамына өзгерістер енгізу және  сайлау туралы айтылып өтілді .

 Жарыс сөз:

1.Ү. Көрпебаева қамқоршылық кеңестің төрайымы: қорытынды есепті тыңдай келе және сырттай  болса да бақылап, көріп, ести отырып, атқарылып жатқан жұмыстар көңілге қонымды. Бүгінгі күннің  талабына сай  мектеп ұжымының  жұмыс жасап жатқанын білеміз және «қанағаттанарлық »  деңгейде деп баға береміз.

2.С.Әбдекеева  кеңес мүшесі:  Қоғам және заман талабына сай жұмыс жасау бүгінгі  күннің басты міндеті.  Атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға береміз. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұсыныс тілектерін қабылдай отырып,  Жарасов Ержанның қоныс аударуына  байланысты кеңес құрамынан босату тілектерін қабылдайық.

Шешім:

    Күн  тәртібіндегі мәселе бойынша отырыс шешім етеді:

1.2019-2020 оқу жылында атқарылған  жұмыстардың  есебі тыңдала келе, атқарылған жұмыстар  «қанағаттанарлық »   деңгейде деп бағалансын.

2.Кеңес құрамына өзгерістер енгізілсін.  А.Рахметов  кеңес мүшелігіне қабылдансын.

3.Е. Жарасов кеңес құрамынан шығарылсын.

Жиналыс төрайымы: Ү.Көрпебаева

Жиналыс хатшысы: Ж.Миллятханова

Пайдалы ақпараттық ресурстар